Жапония елге келген туристерге күніне 185 доллар төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония елге келген туристерге күніне 185 доллар төлейді

Жапония елге келген туристерге күніне 185 доллар төлейді

Жапония үкіметі шетелдік саяхатшыларды елге тарту мақсатында туристер үшін тәулігіне 185 долларға дейін ваучер бағдарламасын жасады.

  • 28 Мамыр 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Бастамаға 1,35 триллион иен (12,5 миллиард доллар) бөлінді. Субсидиялар туристердің Жапонияда болған кезіндегі шығындарының жартысына дейін жабатынын айталды. Олар жақын дүкендер мен мейрамханаларда пайдалану үшін ваучер қолдана алады. Жапонияға жол құны жабылмайды.

Бұл бастама шілде айының соңыда күшіне енеді деп күтілуде. Субсидия алу үшін сіз тікелей немесе жапондық туристік агенттіктердің көмегімен қонақ үйге тапсырыс беруіңіз керек.

Бұған дейін Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ коронавирустың таралуына байланысты ел қабылдаған шаралардың жалпы көлемі 230 триллион иен (2,15 трлн доллар) құрайды деп мәлімдеді.


"ІЖӨ-нің 40 пайызына жететін шаралардың арқасында біз Жапония экономикасын 100 жылда бір рет болатын дағдарыстан сақтаймыз. Қиын жағдайға тап болған адамдарға жедел көмек көрсету маңызды", — деді Абэ.

Соңғы жаңалықтар