Жарияланды: 420

Жапония премьер-министрі елдің атом энергетикасына тәуелділігін азайту қажет деп есептейді

Жапония премьер-министрі Наото Канның пікірінше, елді атом станцияларына тәуелділіктен арылту қажет, деп жергілікті Jiji.com агенттігі хабарлады.

Парламенттік комиссияның сейсенбі күнгі отырысында үкімет басшысы «11-наурыздағы апаттардан кейін ТЕРСО компаниясы ұшыраған қиындықтарға қарап осындай шешім қабылдағанын» айтты. Оның Жапонияны біртіндеп атом энергетикасына тәуелділіктен арылту жөніндегі идеялары да бар көрінеді. Үкімет басшысы алдағы уақытта бұл идеяларын депутаттар талқысына салмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін