Жапония Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
![]() |
27 қазанда Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға келетін ресми сапары аясында |
Астанада қазақстандық-жапондық бизнес-форум өткізу жоспарланған, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен, деп жазады primeminister.kz.
«Форумға Жапония тарапынан 100-ден астам компания қатысады деп көзделген. Ол экономика, автомобиль құрылысы, авиация және ғарыш, электроника, химиялық өнеркәсіп, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдау, азық-түлік саласы, денсаулық ақтау және т.б салалардағы компаниялар», - делінген хабарламада.
Ведомстводан хабарлағандай, бизнес-форумның іскерлік бағдарламасында жапониялық компаниялармен кездесулер өткізу, экономикалық сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.
Сондай-ақ форум кезінде қазақстандық-жапониялық инвестициялық жобалардың көрмесін өткізу межеленген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін