Жапония Солтүстік Кореяға қатысты бірқатар санкциялардың күшін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Солтүстік Кореяға қатысты бірқатар санкциялардың күшін жойды

Жапония Солтүстік Кореяға қатысты бірқатар санкциялардың күшін жойды

Жапон үкіметі КХДР-на қатысты енгізілген кейбір бір жақты санкциялардың күшін жою туралы шешім қабылдады.

  • 3 Шiлде 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге Жапония премьері Синдзо Абэ мәлім етті.

Аталған шешім екі ел арасында өткен ғасырдың 70-80-жылдары ұрланған жапондықтардың тағдырын зерттеу жөніндегі келісімнен кейін қабылданып отыр.

Дегенмен премьер нақты қандай санкциялардың алынып тасталатынын айтқан жоқ. Бұл мәселе министрлер кабинетінің жұмадағы отырысында белгілі болмақ.

Жапония мен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер Бейжіңде өткен болатын.