Жарияланды: 680

Жапония үкіметі Қызылорда облыстық медицина орталығына 4 млн. доллардың қайтарымсыз көмегін табыс етті

Жапония үкіметі Қызылорда облыстық медицина орталығына 4 млн. доллардың қайтарымсыз көмегін табыс етті. Қаржы облыстық медициналық орталыққа қазіргі заманғы жабдықтар сатып алуға арналады.

Облыстық медициналық орталығы төрағасының орынбасары Берік Дәуітбаевтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қаржының көмегімен нейрохирургиялық, реанимациялық және хирургиялық бөлімшелер мен перинаталдық орталыққа арналған 126 түрлі медициналық жабдық пен барлық дене мүшелеріне сан түрлі операциялар жасауға арналған медициналық саймандар сатып алынады. Жаңа құрал-жабдықтарды іске қосу жұмысы 2003-жылдың соңында жүзеге асырылып, облыстық медициналық орталық қызметкерлері арнаулы дайындық курстарынан өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін