Жарияланды: 300

Жапония жағалауында жер сілкінді

Жұмаға қараған түні Жапонияның аса ірі аралы Хонсюдың шығысында 6,3 магнитудалы жер сілкінісі болды,

делінген АҚШ Геологиялық қызметінің сатында жарияланған ақпаратта. Утро.ру хабарлап отырғандай, сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Иваки қаласының шығысында 270 шақырым жерде және Токионың солтүстік-шығысында 412 шақырым жерде тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 31 шақырым тереңдікте орналасты. Цунами қаупі туындаған жоқ, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат таралмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін