Жапонияда барлық балабақша тегін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда барлық балабақша тегін болды

Жапонияда барлық балабақша тегін болды

Жапонияның Жоғарғы палатасы тегін балабақша туралы заң қабылдады. Ол 2019 жылдың қазан айында күшіне енеді.

  • 28 Мамыр 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес,  балабақшалар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Ал, 6 жасында балалар бастауыш мектепке барады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында тегін оқыту туралы заң қабылданды. Ол 2020 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді.

Айта кету керек, бұл заң жүйелерінің бәрі премьер-министр Синдзо Абэнің үкіметі тарапынан енгізілді. Ол біртіндеп елде тегін білім беру жүйесін енгізуді қолдап, оны өзінің саяси бағдарламасының негізіне айналдырды.