Жапонияда лай көшкіні салдарынан 204 адам қайтыс болып, 60 адам жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда лай көшкіні салдарынан 204 адам қайтыс болып, 60 адам жоғалып кетті

Жапонияда лай көшкіні салдарынан 204 адам қайтыс болып, 60 адам жоғалып кетті

Іздеу-құтқару жұмыстарына 70 мың құтқарушы қатысып жатыр.

  • 13 Шiлде 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Жапонияда нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан 204 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz Kyodo сайтына сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, 60 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Жапон билігі табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Окаяма, Хиросима, Эхиме өңірлерінде көп адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Іздеу-құтқару жұмыстарына 70 мың құтқарушы қатысып жатыр. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Онда Назарбаев Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.


Соңғы жаңалықтар