Жапонияда нөсер салдарынан 50 адам қаза тапты
![]() |
4 шілдеден бастап Жапонияның оңтүстік-батысындағы үш префектурада 4 шілдеден бастап болған нөсер салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 11 адам із-түссіз жоғалып кетті. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, 350 мың адамды эвакуациялауға кеңес берілген.
Мүмкін болатын бес қауіптің ең жоғары деңгейі Кюсю оңтүстік-батыс аралының солтүстігінде Фукуока, Сага және Нагасаки префектураларында тіркелген. Бірқатар ауданда тек бір сағат ішінде 110 миллиметрден аса жауын-шашын жауған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін