Жапониядағы жарыста Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониядағы жарыста Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

Жапониядағы жарыста Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

[wpcode id="1694287"] Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінде Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Пути

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 721
Фото - Caravan.kz


Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінде Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық қос қыз турнирдің ширек финалында кездесті. Бірінші сетте 6:4 есебімен Путинцева алға шықты, алайда екінші ойында Дияс 6:1 есебімен басымдылыққа ие болып, қорытынды кезеңде 6:3 есебімен Путинцеваны жарыстан шығарып жіберді.

Айта кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 52-ші орында, ал Дияс 100-ші орында. Бұрындары теннисші қыздар теннис алаңында қарсылас атанбаған.

Финалдық кездесуде Зарина Дияс америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездеседі.

Еске салайық, Japan Women's Open Tennis турнирінің жүлде қоры — 226 750 доллар.