Жарияланды: 430

Жапонияны тайфун қиратты: алғашқы құрбандықтар бар

Жапонияда аса күшті «Сонгда» дауылы соғып, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам із-түзсіз жоғалып кетті,

деп хабарлайды РБК Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. "Қазір тайфунның беті қайтып келеді", - деп хабарлануда. Соған қарағанда ол Фукусим префеуктурасы мен «Фукусима-1» АЭС-дег апатқа жетпейтін сияқты. Бұған дейін Tokyo Electric Power Co (TEPCO) компаниясының операторлары "АЭС қатты дауыл соқса, түгелімен қирайды, сәл де күшке шыдай алмайды, өйткені реакторлардың ғимараты жарылыстың салдарынан бүлініп тұр" деп мәлімдеген болатын. Тіпті, қатты соққан дауыл мен құйын радиоактивті заттарды одан әрі алып кетуі мүмкін деп қауіптенген болатын. Қазір белгілі болғанындай, апатты жағдайда тұрған «Фукусима-1» АЭС- інің 5-ші реакторы жұмысын толық тоқтатқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть