"Жақсы мейрам болып тұрса, неге тойламасқа?!":Әулие Валентин күнін атап өтуге қарсы емес жұлдыздар кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жақсы мейрам болып тұрса, неге тойламасқа?!":Әулие Валентин күнін атап өтуге қарсы емес жұлдыздар кімдер?

"Жақсы мейрам болып тұрса, неге тойламасқа?!":Әулие Валентин күнін атап өтуге қарсы емес жұлдыздар кімдер?

14 ақпан - Әулие Валентин күні. Бұл мерекені тойлауға қарсы жұрт табылғанымен де елеусіз қалмайтыны да жасырын емес. Жүрек пішіндегі шар, ашықхаттарға толы сыйлық дүкендері мен гүл сатушылардың саудасы қызып жатады.

  • 9 Ақпан 2023
  • 133
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы ел алдында жүрген жастардың ойын сұрады. Олар да осы күнді атап өтудің еш сөкеттігі жоғын айтып отыр. Сонымен,  Валентин пірадардың құрметіне аталған ғашықтар мерекесіне кім қалай дайындалып жатыр?

Актер, ақын Рамазан Амантай келіншегіне қандай сыйлық жасайтынын айтты:

"14 ақпанды діни мереке деп айтамыз ғой. Бірақ, мен осы күнді себеп қылып қыдырып қайтуға қарсы емеспін. Өйткені, әйел адам бәрібір де бірдеңе күтеді. Сондықтан, біз соны желеулетіп серуендеп, сыртта тамақтанып қайтамыз. Келіншегіме шаш кептіргіш алып беретін шығармын", — дейді ол.

Актриса Айнұр Ілиясованың ойынша 14 ақпанды тойлағанда тұрған ештеңе жоқ:

"Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ. Тіпті, кез келген күнді мерекеге деп қарау керек. Жақсы мейрам болып тұрса, неге тойламасқа? Неге бір-біріне сыйлық бермеске? Жолдасым ештеңе сыйламаса да ренжімеймін. Сыйласа "рақмет!". Сыйламаса, басқа күні сыйлар. Жалпы мерекеге қатысты да, мерекесіз де бір-бірімізге сыйлық жасап тұрамыз. Дәл қазір өз тарапымнан мерекеге дайындық жүріп жатқан жоқ. Негізі сыйлық сыйларда не керегін бір-бірімізден сұрап аламыз. Пайдалы сыйлық сыйлауға тырысамыз", — дейді.

Радиожүргізуші, блогер Ботагөз Болатжан әр мереке тойлану керек деген пікірде:

"Өз басым мерекенің барлығын жақсы көремін. "Мерекені тойламай қалу" деген менің ұғымымда жоқ. Қазір басым бос. Дегенімен де, ең болмаса қыздармен қалада серуендеп қайтсам ба деп отырмын. Ал, жұптарға айтарым мерекені жақсылап өткізгенге не жетсін?", — дейді.

Әнші Бүркіт Валентин күнін бұрын тойлағанын, қазір мұны қателік деп есептейтінін айтты:

"Есейген сайын түсінеді екенсің. Адамдар Әулие Валентиннің кім екенін білмейді де. Біз 15 сәуірді тойлаймыз. Бастапқыда басымыз бос кезде осы мерекені желеулетіп 14 ақпанда сыйлық беріп жататынмын. Қазір тойламаймыз. Әйелім де оған ренжімейді", — деді ол.

Соңғы жаңалықтар