Жақсыбеков Кулагиннің ұлын қайта әкім етіп тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсыбеков Кулагиннің ұлын қайта әкім етіп тағайындады

Жақсыбеков Кулагиннің ұлын қайта әкім етіп тағайындады

Нұрқатова бала-шағасымен бірге жылы орындарын ақыры босатқанымен, Кулагиннің құрығы әлдеқайда ұзын болып тұр. Ақмола облысы әкімінің ұлы аудан әкімі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл жолы да Астананың Сарыарқа ауданы Павел Кулагинге сеніп тапсырылып отыр.

  • 25 Қараша 2015
  • 191
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі ең жас аудан әкімі бұған дейін Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасына жетекшілік еткен. Оның алдында Алматы ауданының әкімі болды. Ол кезде кіші Кулагин небары 26 жаста еді. Жас шенеунікті жауапты лауазымға тағайындаған Астананың әкімі Әділбек Жақсыбеков оған үлкен үміт артып отырғанға ұқсайды. Әрі жайлы орынтаққа қайта жайғасқан Павел Кулагиннің тірегі де мықты. Ол – Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы. 

Соңғы жаңалықтар