Жақсыбеков Тоқаевқа: Мұнда жуынуға келдіңіз бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсыбеков Тоқаевқа: Мұнда жуынуға келдіңіз бе?

Жақсыбеков Тоқаевқа: Мұнда жуынуға келдіңіз бе?

Желіде Мемлекет басшысының қатысуымен қызықты видео пайда болды. Видеороликте ҚР Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің Аст

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 1283
Фото - Caravan.kz

Желіде Мемлекет басшысының қатысуымен қызықты видео пайда болды. Видеороликте ҚР Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің Астанаға көшкені жайлы қызықты жағдайды әңгімелейді. Сол жылдары елорда әкімі қызметінде Әділбек Жақсыбеков болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым Жомарт Тоқаев 1997 жылы Астанаға келген уақыттағы қызықты бір жайтты баяндайды.

"Мен сол кезде "Есіл" деп аталған қонақүйге тоқтадым. Атауы солай еді. Сонда кенет су ақпай қалды, ыстық су жоқ, суық судың күші жоқ. Әділбек Рыскелдіұлына (Жақсыбеков) телефон соғып, "Әдеке, қонақүйде су жоқ" дедім. Соған қарағанда оған осы мәселе бойынша көптеген қоңырау түскен болуы керек. Содан ол маған "Сіз не, мұнда жуыну үшін келдіңіз бе?" деді", — деп күледі видеода Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар