Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді

Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасы ішінде өтеді.

  • 3 Тамыз 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем, Еуропа чемпионы, "Барыс", "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озған еді.

Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдірді.


Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар