Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
— 26 ақпан күні Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14 метр секундқа жетеді. Түнде -3-5, күндіз +3+5 градус болады. 27 ақпан күні Астанада күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады.