Жақында «Самұрық-Қазына» қызметкерлер штатын 22 пайызға дейін жаңартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында «Самұрық-Қазына» қызметкерлер штатын 22 пайызға дейін жаңартпақ

Жақында «Самұрық-Қазына» қызметкерлер штатын 22 пайызға дейін жаңартпақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2015 жылы жария еткен  жаңа ұйымдастыру құрылымын жасақтауға кірісті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған Қордың басқарма мүшесі - Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқараушы директор Ұлан Тәжібаев мәлім етті.

  • 25 Ақпан 2016
  • 397
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Қордың жаңа ұйымдастыру құрылымына өту үрдісі 2016 жылдың басында басталды және бірінші жарты жылдыққа дейін жалғасады.

«Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру жұмысы жүріп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16-дан 9 адамға дейін қысқарттық,  сондай-ақ қызметкерлер санын 15 пайызға дейін қысқартуды көздеп отырмыз»,-деді Ұ. Тәжібаев.

Оның сөзіне қарағанда, біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты соңғы екі жылда Қор штаты 65 пайызға жаңарды. Жақында 22 пайызға дейін жаңарту жоспарлануда.


Осы орайда Ұ. Тәжібаев жаңарған қызметкерлер халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жоғары білікті мамандар болатынын атап өтті.