Жақында үйленбек болған: Атырауда қызды құтқарам деп қаза болған жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында үйленбек болған: Атырауда қызды құтқарам деп қаза болған жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады

Жақында үйленбек болған: Атырауда қызды құтқарам деп қаза болған жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады

Атырауда өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып, өзі мерт болған полицей жігіт екі айдан кейін отбасын құрмақ болған. Жігіттің сүйіктісімен түскен видеосы тарады. 

  • 26 Наурыз 2019
  • 153
Фото - Caravan.kz

Өткен аптада жас полицей Шалқар Ақымғалиев өзгенің өмірі үшін өз өмірін құрбан етті. Суға кеткен қызды құтқармақ болды. Алайда су ағынына қарсы тұра алмады. 

Ерлікпен қаза тапқан жігіттің жерлеуіне жүздеген адам келді. 

Көпшілік жас жігіттің қыршыннан қиылғанына қайғырды. Желіде марқұм болған Шалқардың сүйіктісімен түскен видеолары тарады.

Жас полицей екі айдан соң үйленбек болған екен. 

"Біз мектеп кезінен дос еідк. Бірге колледжде оқыдық. Ол арамызда көшбасшы болды. Сенімді жолдас еді. Кез келген сәтті көмекке келетін", — дейді досы Абай Төребаев. 

"Жап-жас жігіттің ақымақ қыз үшін өмірі құрбан болды", "Жақындарына, сүйіктісіне жаным ашиды, өте ауыр естеліктер екен", "Отбасына сабырлық тілеймін", — деп жазды желідегілер.

Соңғы жаңалықтар