Жарияланды: 4200

Жарқын 7 немесе қазақтарды арандатып, Қытайдағы отты үрлеп отырған құпия адамдар кімдер?

Жарқын 7 немесе қазақтарды арандатып, Қытайдағы отты үрлеп отырған құпия адамдар кімдер? Сурет - kvedomosti.com

Қытайдан қысастық көріп жатқан қазақ мәселесін одан бетер ушықтырып отырған жасырын адамдар бар.

Бұл туралы өз ойын әлеуметтік желіге жуырда ғана Қытай еліне барып қайтқан Аятжан Ахметжанұлы жазды деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бір кездері «Баласын орыс сыныбына беретіндерге жаным ашиды» деген атышулы мақаласымен танымал Республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығының директоры өз парақшасында былай деп жазды.

Қытайдағы қазақ мәселесі бүгінде ушығып тұр. Бірақ, ол өртті үрлеп отырғандар да бар. Иә, мақсаттары отты үрлеп өшіру, бірақ, ол үрлегенге өшетін емес, асқына жанатын өрт. Сол өртке өртенетін мына жақта отырған үрлеушілер емес, ана жақта жатқан қарапайым қазағымыз. Сол үшін отты үрлемейік, үрлеп, асқындырушыларға (өздерін ел үшін еңіреп жүргендер деп атайды тағы) тоқтау айтпасақ ертең сол екі миллион қазақтың бүгін 200-і, деп отырғанда бәрінен айырламыз. Екі жақта әкелі балалы, ер әйел бөлінеді. Жаутаңдап тірі жетімдер қалады.

Қытайдың шетелмен қарым қатынасында ішкі мәселеге араласпау деген өте қатты ұстанатын заңы бар. Қазақ мәселесін мемлекеттік дипломатия арқылы ғана шеше аламыз, әйтпесе, бес қазақ емес бес мың қазақ шулағаннан Қытайдың тас керең құлағы, «тастай ішкі саясаты» еш өзгермейді.
Кезінде Қытайдағы ұйғұр мәселесі дәл осылай ушыққанда Түркия президенті айғай салды, қызды қыздымен әскер кіргіземін, - деді. Бірақ, оны Қытай елегенде жоқ... Ал, сонда, біз шуласақ қытай именеді деп ұрандап жүрген ағайынның қай сасқаны.... (екі жыл өтпей Қытай мен Түркия ішікі істерімізге қол сұқпаймыз деп, Қытайдағы ұйғұр мәселесіне Түркия, Түркиядағы курд мәселесіне Қытай араласпайды,- деп қол қойысып тынды Бейжіңде.)
Қытайдағы қазақтар мәселесі неге ушықты? Қытайда түрмеге жабылғандарға қытайдың басты айыптары қалай? Біз шулаған сайын оларды не күтіп тұр? Дәл осы сұрақтарға биыл екі мәрте Қытайға барып көріп келген адам ретінде жауап қайтарайын... (бір рет барып келгенде жазған өлең парақшамда тұр.)
Қытайдағы ең басты соттау дінге, сосын вичат әлеуметтік желісіндегі жазба, пікірлер, суреттерге байланысты. Телефондағы әңгімелерге байланысты, Қазақстанға үгіттеу мәселесі бар. (Бұл мәселе біз үшін адамның өз құқы, бірақ, Қытай заңымен басқа мәселе.)

Енді осы ретте бір мәселеге назар аударған дұрыс, бұрын вичат әлеуметтік желісінде, қазір ватцап әлеуметтік желісінде әр түрлі лекция топтары бар. Ол топтардың негізгі лекторы Жарқын7 атты құпия адам. Қытайда сотты болған, біраз адам кімінің кесірінен осы күйге түстің десе меңзеп береді. Естеріңізде болса осы фб әлеуметтік желісінде Анар Атабай атты фейк барын білесіздер, Жарқын7, Анар Атабай екеуі сол бір адам Серікжан Білаш деген үлкен кісі, ол кісіні де біраз адам таниды. Ғұлама көреді біраз кісі...
Қытайдағы «күлтегін», «Сенқазақ» бастаған бүкіл қазақ сайттарының жабылуына да осы Жарқын7 деген адам тікелей себепкер екенін арғы жақтағы ағайын толық біледі. Қазір түрмедегілердің дені соның лекциясын тыңдаймын деп құрбан болғандар... Және сол жарты7-нің, "бүгін Қытайдағы қазақтар туралы жазбағандар, айтпағандар тексіз, шатадан, ойнастан туған оңбағандар", - деп басталатын лекциясы бар, бірақ, "сол оңбағандардың" 200 емес, екі мың емес, екі миллион қазақтың тағдырын ойлап отырғанын қайдан білсін!

Ең үлкен қателіктері "Халықаралық ұйымдарға, Түркияға айтып, жазып, Қытайдағы қазақтардың статусын сондағы ұйғұрлармен теңестіру" - міндетін өздерінің басты мақсаты етіп алыпты. Сонда Қытай қазақтарын Қытайдағы терор ұлт тізіміне қосу басты арманы ма? Оның зардабы қаншалық үлкен болатынын көз қарақты жұрт білер, уақыт көрсетер.
Жә, бірді айтып бірге кетпейік, кеше Мұратхан Шоқан, Тұрдыбек Құрметхан, Serik Kerey, Маке Кемел аға, Ербол Бейілхан бастаған біразы дұрыс әңгіме айтып жатыр. Сол шулаудың ақыры жақсылыққа апармайтынын айтамыз деп бізде төмендегідей сатқынға айналып шыға келдік. Үнсіз қала салайын деп ақ ойлап ем, бірақ, жұрттың трагедиясынан батыр атанып жүргендер арғы жақтағы қазақты отқа тастап жатқанын ойланбаған соң сөйлеуге тура келді. Ойлары дұрыс шығар, бірақ, тәсілі халаралық саясат түгілі отбасының кикілжіңін де реттемейтін әпербақандық. Сол Жарқын7 нің кезекті тапсырмасы.

Ағайын, сәл сабыр, мені есекке теріс мінгізсеңіздер де, өздеріңіз білесіздер, бірақ, өзі дірілдеп, қалтырап отырған қазақты отқа тастамайықшы.
Көш елбасы саясаты, осы тәуелсіздік арқасында, елбасы арқасында елге келдік, аламыз деп емес, береміз деп келдік. Әліміз келгенше барымызды беріп жүрміз. Елбасы шетелдегі қазақты оттан арашалап алатынына еш күмәнсіз сенемін. Елбасы араласпады, - деп айту артық, елбасы араласпағанын сіз бен біз қайдан білеміз, күнде қасында жүрмеген соң...
Халықаралық саясат, оның үстіне алпауыт елдер саясаты эмоциямен, отбасындағы өсекпен шешілетін нәрсе емес. Ол дипломатиямен ғана шешіледі. Отқа май құйғанды тоқтатайық. Осы барыста Біздің билікте бұларға ескерту жасаса жəне бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат таратуда абайласа деген өтініш.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін