"Жартылай жалаңаш билейді": Ақтау әкімі өзіне қатысты видеоға пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жартылай жалаңаш билейді": Ақтау әкімі өзіне қатысты видеоға пікір білдірді

"Жартылай жалаңаш билейді": Ақтау әкімі өзіне қатысты видеоға пікір білдірді

Қала басшысы біраз дау тудырған пластик гүлдер үшін "алғыс білдірген" африкалықтардың видеосы туралы не ойлайтынын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-қа сілтеме жасап хабарлайды.

  • 3 Қараша 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қалада туристерді тарту мақсатында бюджеттің 15 миллион теңгесіне пластиктен "Гүлдер алаңы" жасалған. Тұрғындар желіде мұншалықты қаржыға пластик гүлдің "егілгеніне" наразылық білдірген. Бұл тақырыпта түрлі әзіл тарап кетті. Солардың бірі қала басшысының суретін ұстап, гүлдер алаңы үшін алғыс білдіріп тұрған африкалықтардың видеосы. Наташа Королеваның "Желтые тюльпаны" әні таңдалған.

"Маған таң атқалы WhatsApp-тан таныстарым осы видеоны жолдап жатыр. Мейлі, бұл видеоны түсіре берсін ұнаса. Мәселе өзімде тұрған жоқ. Мәселенің тереңі мүлдем басқада. Байқасам, бірнеше еркек адам еркек адамның суретін сүйіп алдында жартылай жалаңаш билейді. Өсіп келе жатқан жастарға еркек адам еркек адамнан жиіркенбеуі керек деген лас насихат па деп қалам түбінде. Ұрпақ санасына шабылып жатқан балта емес пе?", — деп жазды ол Facebook-те.

Бұған дейін әкім "Гүлдер алаңының" қалай жасалғанына өзінің де көңілі толмайтынын айтқан болатын. Ол инсталляцияны дұрыстауды немесе мүлдем алып тастауды ұсынды.

Ролик авторлары — африкалық ел тұрғындары. Олар ақылы түрде осындай видеолар түсіреді.
 

 

Соңғы жаңалықтар