Жарияланды: 410

«Жарық дүниеге қош келдің, қызым» - күйеуімен ажырасқан Ақбота-Нұр жаңалығымен бөлісті (фото)

«Жарық дүниеге қош келдің, қызым» - күйеуімен ажырасқан Ақбота-Нұр жаңалығымен бөлісті (фото)

Танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбеттің отбасында қуаныш.

Өнер иесінің туған інісі алғаш рет әке атанды.
Бұл қуанышты жаңалықпен Ақбота Instagram парақшасында бөлісті.

- Таңым қуанышпен бақытқа бөленіп атты бүгін! Жүрегім тулап, өзімді қоярға жер таппай, алып-ұшып жүрдім күні бойы. Мына жалғанда ет жүрегім, жаным бауырымның барына арқаланып, шүкір етіп өмір сүріп келемін. Міне, сол бауырымның отбасы бүгін жанға толығып, Алланың нұрына бөленіп жатыр. Көбейіп, өніп, өсіп жатқанымызға мыңда бір тәубе! Алтыным, ақ бөпем, қызым, жарық дүниеге қош келдің! Анашымыздың көзі тірі болғанда "немерем келді" деп бақыттан басы айналар еді, амал нешік?! Енді апаңның орнында сені сүйіп, кеудеме басып, бар жақсылығыңды бірге бөлісіп, қамқорың болып өтуге ұзағынан жазсын жаратқан. Ата-анаңа, жақындарыңа мейрімді, қайрымды, халқыңа беделді қыз болып өсе ғой, құлыным!
Бұл әлем сені шаттықпен шалқытып өсірсін - деп жазды әнші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін