Жарияланды: 550

Жас ғалымдар Елбасы туралы зерттеулерін ұсынды

Алматыда Тұңғыш Президент қорының қолдауымен халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған шарада Еуропа мен ТМД елдерінен келген түрлі саладағы мамандар шеберлік сабақтарын өткізді. Бұған қоса, еліміздегі жас ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерін ұсынып, өзара білім сайысына түсті. Әсіресе, жастардың мемлекет басшысы туралы зерттеу еңбектері қазылардың оң бағасын алды. Жүзден жүйрік шыққандарды Тұңғыш Президент қоры бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Жобаға еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып жатыр.

Нұрхат Жаркеев, ұйымдастырушы:

- Конференция 5 секция бойынша ұйымдастырылды. Яғни, физика, техника, медицина, жер туралы ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық тақырыптар, және Президент туралы зерттеулер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін