Жарияланды: 1300

«Жас орнитолог» жобасы: Құстарды бақылау арқылы оқыту

«Жас орнитолог» жобасы: Құстарды бақылау арқылы оқыту

Қорғалжын экологиялық обсерваториясы ерекше білімге мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас орнитолог» бірегей жобасын ұсынды.

Бағдарламаны іске асыру үшін обсерватория «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: бірлік пен тұрақты даму үшін серіктестікке 30 жыл» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын алды.

Жаз мезгілінде құстардың 350-ден астам түрі мекендейтін обсерваторияда 10 жастан 18 жасқа дейінгі жүзге жуық бала оларды ерекшелігіне байланысты бақылады. Балалар мен жасөспірімдер тек теориялық білім алып қана қоймай, құстардың табиғи тіршілік ету ортасындағы мінез-құлқын зерттей отырып, орнитологқа қажетті дағдыларды үйренді.

Осы орайда, ескерген жөн, «Жас орнитолог» жобасы есту және көру қабілеті бұзылған балаларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар психикалық бұзылулары бар қатысушыларға арналған. Жоба авторларының айтуынша, орнитологиядан практикалық сабақтар ерекше қажеттіліктері бар балалардың ой-өрісін кеңейтуге, зерттеулермен айналысуға және жоғары сапалы экологиялық білім алуға мүмкіндік береді.

«Біз елдегі мектеп оқушыларына ұсынатын құстарды бақылау бағдарламасы үш жылдан бері сұранысқа ие. Біздің команда мұны арнайы балаларға бейімдеу қажет екендігіне саналы түрде жоспарлады. Себебі, оларды пайдалы іс -әрекетке, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру үшін іс жүзінде мұндай бағдарламалар жоқ», - деді жоба жетекшісі Құралай Түспекова.

Бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі – мүгедек балалар өздерінің денсаулығы қалыпты құрдастары сияқты білім мен демалысқа тең қол жеткізе алады. Барлығы тең мүмкіндіктерге ие болатын инклюзивті қоғамды дамытуға көмек көрсету – Нұрсұлтан Назарбаев қоры қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі.

Құралай Түспекова республиканың барлық аймақтарынан балаларды тарту жоспарланғанын жеткізді. Балайда, карантин жағдайында тек жақын маңдағы Қарағанды ​​мен Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы балаларға келуге мүмкіндік болғанын айтты. Оған қоса, жобаның мазмұнды, қызықты болғанын, бұл ретте, қатысушылардың пікірлері дәлел екенін тілге тиек етті. Маманның айтуынша, енді Қорғалжын экологиялық обсерваториясының білім беру өнімдерін жинауда жоғары сапалы, сұранысқа ие жаңа бағдарлама пайда болған.

«Бұл балаларды әлеуметтендірудің шын мәнінде керемет және инновациялық тәсілі. Осы жоба ерекше балаларға экожүйенің бір бөлігі болуға, зерттеулерге, ғылыми іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді!», - дейді бағдарламаға қамқоршылары қатысқан «Ерекше мерекелер» ҚҚ-ның жетекшісі Ботагөз Игенбаева.

Жоба нәтижелері онлайн түрде көрсетілді. Онда балалар мен олардың мұғалімдерін практикалық орнитологияға тарту бойынша шеберлік дәрісі өтті. Шараға ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін