Жас қызды өлтірген такси жүргізушінің ісі қайта тергеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас қызды өлтірген такси жүргізушінің ісі қайта тергеледі

Жас қызды өлтірген такси жүргізушінің ісі қайта тергеледі

35 мың теңге үшін жас қызды өлтірген такси жүргізушісінің ісі қайта тергеуге жіберілді. Бүгін Айсұлу Жамбербектің өліміне қатысты жүргізіліп жатқан процесс осындай шешімімен аяқталды. Оған сотталушы 36 жастағы Виталий Атапиннің жеткіншекті жақын туыстарым өлтірді деп жаңа түсініктеме беруі себеп.

  • 28 Мамыр 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


16 жастағы Айсұлу былтыр желтоқсанда жоғалған еді. Бір жетіден соң қыздың мәйті қала сыртынан табылды. Кейін күдікті ретінде такси жүргізушісі ұсталған болатын. Атапин тергеу кезінде қызды ақшасы мен ұялы телефоны үшін өлтіргінен мойындаған. Бірақ іс сотқа жеткенде айтқанына айынып, енді қылмысқа немере қарындасы мен оның күйеуінің қатысы бар деп отыр. Сондықтан судья процесті уақытша тоқтатып, істі қайта тергеуге жіберуге мәжбүр.