Жарияланды: 320

Жас велосипедші қыз қайтыс болды

Жас велосипедші қыз қайтыс болды

Алматы қаласының 7-ші қалалық аурухананың реанимациясында велосипедші Дана Ахметова кенеттен көз жұмды, деп хабарлады Қазақстан велосипед спорт Федерациясының баспасөз қызметі. 


Федерацияның ақпаратына сәйкес, 23 маусымда 17 жастағы спортшы Алматыда өтіп жатқан IV Жастар спорттық ойындарында есінен танып құлаған. Жедел жәрдем бригадасы Дананы реанимацияға жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалады. Спортшы есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.  

Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған. Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған. 

Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі  сайысында — күміс, тректегі сайыста — 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Қазақстан велосипед спорт Федерациясы Дана Ахметованың отбасына қайғырып көңіл айтады. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін