Жоғарыда аталған мәліметтер бүгін Астана қаласы мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және білім алушылардың арасында құқық бұзушылықты ескерту мәселелері турасында ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжанов пен ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектеп педагогтарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментіне сілтеме жасап.
Бауыржан Мұхаметжанов еліміздегі келешек криминогендік ахуал жалпы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың бүгінгі таңдағы жағдайы мен оны алдын алу жұмыстарына тікелей байланысты екендігін атап айтты.
Қазір елімізде мектептегі полиция инспекторлары институты дамып келеді. Олардың саны бүгінде 1117.
Кеңесте үстіміздегі жылдың желтоқсан айында кезекті ведомоствоаралық комиссия отырысында Астана қаласындағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын қарастыру мектеп инспекторлары мен қалалық педагогикалық ұжым төрағалары қатысқан бірлескен семинар-кеңес өткізу, әр мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жоспарын құру туралы ұсыныс жасалды.
Ішкі істер министрі оқушылардың сапалы құқықтық тәрбие жұмыстарын дамыту, балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, маскүнемдік пен нашақорлықты ескерту, ұрлық және басқа да қылмыстардың алдын алуды полицияның мектеп инспекторлары мен мектептің педагогикалық ұжымы және мектеп директорларымен бірлесе отырып жандандыруды ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті