Жарияланды: 320

Жастар дипломмен туып-өскен ауылдарына бара алмай жүр

Ауылдағы тұрғылықты жерлерінен тіркеуден шықпаған жастар «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатыса алмай жүр.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті. Оның хабарлауынша, бүгінде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында қордаланып қалған мәселелер көп. Мәселен, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуден шықпай, қалада оқып келген жастар өз ауылдарында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатыса алмай жатады. «Ондай азаматтарды сол жердің тұрғыны деп бағдарламаға қатыстырмай қояды. Ол да өз құрбы-құрдастары сияқты жоғары оқу орнында 4-5 жыл оқып келген. Неге мемлекеттің көмегіне зәру болады? Оған тіркеуден шықпаған деген жалғыз мәселе ғана кедергі жасап отырады. Бүгінде біз осы мәселені басты назарға алып, оның шешілуіне ықпал жасамақпыз», - дейді Ж.Жүкенов. Бұдан басқа, әрбір аймақта баспананың бағасы әр түрлі болып тұр. Ал жастарға берілетін мемлекеттік субсидиялар бірдей. Сондықтан өңірлердің экономикалық деңгейіне қарай қаржылай көмекті ретке келтіру қажет-ақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін