Жастар Францияға Әблязовты қайтару туралы өтінішті кептер мен шар арқылы жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар Францияға Әблязовты қайтару туралы өтінішті кептер мен шар арқылы жіберді

Жастар Францияға Әблязовты қайтару туралы өтінішті кептер мен шар арқылы жіберді

Үш хаттың қайсысы бірінші жетеді? Бүгін Алматыда бір топ студент қашқын банкир Мұхтар Әблязовты елге қайтару туралы Франция президентіне жазған өтініштерін үш түрлі тәсіл арқылы жолдады. Яғни бір данасы елшілікке берілді, екіншісі әуе шары арқылы жіберілсе, үшінші хат кептердің аяғына байланып ұшырылды.

  • 15 Тамыз 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырылған шараға бар-жоғы 8 студент қатысты. Сөздеріне сенсек, өзерінің ешбір саяси немесе қоғамдық ұйымдарға қатысы жоқ. Ал қашқын олигархты қайтару туралы үндеу жасауы — азаматтық ұстанымдары көрінеді. Дегенмен үш түрлі жолымен жіберілген хаттың қайсысы Франция президентінің қолына жететінін жастардың өзі де дөп басып айта алмады.


Рашид Сейітов, студент:

 – Ашық хат арқылы біз Мұхтар Әблязовтің қайтадан Қазақстанға оралуын талап етеміз жастар атынан. Сондай ой білдіреміз. Ол кісі егер де мен әділмін, ешқандай да құқық бұзған жоқпын дегеніне сенімді болса, сотта бой көрсетсін деген оймен шара өткізіп жатырмыз.