Жастар Конгресінің қайырымдылық бағытының директоры праймеризге өз кандидатурасын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар Конгресінің қайырымдылық бағытының директоры праймеризге өз кандидатурасын ұсынды

Жастар Конгресінің қайырымдылық бағытының директоры праймеризге өз кандидатурасын ұсынды

Қазақстан Жастар Конгресінің қайырымдылық бағытының директоры Перизат Қайрат праймеризге өз кандидатурасын ұсынды.

  • 30 Тамыз 2020
  • 105
Фото - Caravan.kz

Праймеризге қатысушы өз ойы туралы айтып берді.

"Бүгінгі күнге дейінгі оқыған біліміммен, сонымен қатар шет елде жинаған тәжірибеммен праймеризге қатысу арқылы, қоғамдағы күрделі мәселелердің шешімін табуға өз үлесімді қосқым келеді. Осы сайлауға байланысты Елбасымыз, “Nur Otan” партиясының Төрағасы — Н.Ә.Назарбаев өз үндеуінде “Депутаттар халықтың ортасында болып, елдің мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс. Депутаттардың міндеті – әрдайым ел мүддесін қорғау. Осыны ұмытпауымыз керек.“ деген болатын. ТЖ басталғалы еріктілер қатарына қосыоып халыққа қызмет етіп, көптеген дүниелерге көзім ашық жетті. Осы кезеңнен кейін де, халық арасында жүріп, беделді қызмет атқарып ел батасын алу мақсатым. Әйелдің жанын әйел түсінеді демекші, жалғыз басты, көп балалы аналарға, мүгедек жандарға қажетті көмекті жеткізе білу. Осы бағытта жаңа ерекше стратегияны жасау.
Ел болашағы — жастар қолында.
Барлық праймеризге қатысушыларға сәттілік тілеймін", — деді Жастар Конгресінің қайырымдылық бағытының директоры әрі Праймеризге қатысушы Перизат Қайрат.

Естеріңізге сала кетейік, "Nur Otan" партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын.


Соңғы жаңалықтар