Жастар үшін баспаналы болу, жұмысқа орналасу мәселелері өзекті болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар үшін баспаналы болу, жұмысқа орналасу мәселелері өзекті болып отыр

Жастар үшін баспаналы болу, жұмысқа орналасу мәселелері өзекті болып отыр

Қазіргі қала жастарының ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артып келеді.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Жастар» ғылыми зерттеу орталығында өткен «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіндегі көпмәдениеттілік» атты панелдік пікірсайыста орталық директоры Жанар Боқанова айтты. 

«Бізде ерте заманнан отбасындағы тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Біздің ұлтымыздың да ең басты құндылықтарының бірі үлкенді сыйлау, ата-ананы қастерлеу деген сияқты адами қасиетттер. Тәуелсіздік алғалы қазақ мектептерінің саны көбеюінің арқасында, әсіресе қала жастары қазақыланып, қазақ тарихына, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытып, оларды үйренуге деген құлшыныстары артып келеді», — дейді Ж. Боқанова.
Сондай-ақ, орталық директорының мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі жастар үшін әлеуметтік-мәдени бейімделу, баспаналы болу, жұмысқа орналасу, сапалы білім алу мәселелері өзекті болып отыр.
«Биыл біз зерттеу жұмыстарына негізінен моноқалалардағы жастарды қатыстырдық. Келесі жылы ауыл жастарын қатыстырамыз деген жоспарымыз бар. Өйткені, бүгінгі таңда қала мен ауылдағы тұрмыс екі бөлек, сондықтан онда тұратын жастардың да дүниетанымы, көзқарастары, әлеуметтік-мәдени құндылықтарында да өзгешеліктер болады», — дейді Ж. Боқанова.
Оның айтуынша, Орталық болашақта зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Білім және ғылым министрлігіне жолдап, жастар тәрбиесі мәселесінде бірлескен жобалар атқаруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, панелдік пікірталасқа мемлекеттік органдардың, шетелдік елшіліктердің, жастар ісімен айналысатын ұйымдардың өкілдері мен осы саланың сарапшылары қатысты.