Жастардың ажырасуындағы басты себеп не? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастардың ажырасуындағы басты себеп не?

Жастардың ажырасуындағы басты себеп не?

Шынымен де, бала сүймеген соң шырқы бұзылған шаңырақтар қаншама? Алайда, тек бұл ғана ажырасуға себеп деп айтуға келмес. Бірнеше баланы да тағдыр тәлкегіне тастап бөлек кетіп жатқандар да бар ғой. Біз осы мәселеге қатысты көрерменнің пікірін білген едік.

  • 19 Ақпан 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

«Информбюроның» инстаграмм парақшасында «Ажырасудың себептері қандай?» дегенге пікір қалдырғандардың басым бөлігі ажырасудың басты себебі — күнкөріс жағдайы деп жауап беріпті. Тағы біразы жастардың өміріне ата-аналардың араласуынан деген.

Ерлі-зайыптылардың жауапсыздығы, тәрбиеден дейтіндер де бар болып шықты. Алайда, бір-бірін сүйіп қосылғандар қандай да қиындыққа төзуі керек деген пікірлер мүлдем сирек.

Қалай десек те, ажырасқан жұптардың 70-80 пайызы балалы екен. Демек, 28 жылда өзара түсініспей екіге бөлінген жарты миллион отбасының артында миллионға жуық баланың тағдыры жатыр деген сөз.


Соңғы жаңалықтар