"Жастарына қарай киініп жүрмеген әйелдер кейіптерін көріп, әйел атаулыдан жеріп кетуің мүмкін": Жағалаудағы жағдай - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жастарына қарай киініп жүрмеген әйелдер кейіптерін көріп, әйел атаулыдан жеріп кетуің мүмкін": Жағалаудағы жағдай

"Жастарына қарай киініп жүрмеген әйелдер кейіптерін көріп, әйел атаулыдан жеріп кетуің мүмкін": Жағалаудағы жағдай

Күн ыстығы көпшілікті жағалауға жетейтіні анық. Желіде жағалаудағы әйел азаматшалардың жағдайы қызу талқыланды.

  • 2 Тамыз 2023
  • 1304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Арма, ағайын?
Кеше Семей мен Павлодар арасындағы— «Шошқалы» көліне бардық.
Қалаларда ұсақ балықтар салынған бессейнге түсіп жатады-ғой жұрт.
Кейін, терінің «өлі» қабатынан арылу үшін скраб пен пилинг жасатады; тері ширау үшін тұз салынған ваннаға жатады.
Бірақ, бұл процедуралар ғимарат ішінде жасалғасын, о жерде күн сәулесі жоқ.
Ал, бұл көл басында мұның бәрі бар екен.
Тұмау, маусымдық аллергия дегеніңді қолмен алғандай жұлады екен.
Тұзды құмы тура сол мыңдаған теңге тұратын скраб.
Сосын, жалғыз келмей—жаныңда бір сұлудың болғаны жөн.
Әйтпесе, жағалауға келіп—жастарына қарай киініп жүрмеген әйелдер кейіптерін көріп—әйел атаулыдан жеріп кетуің мүмкін", деп жазды.  

"Жасына қарап киіну деген дұрыс емес. Қомыт — қомыт киіммен суға түскен адам қалай күнге қыздырынады ? Ұнамаса қарамау керек. Ұнады екен деп жастарға көз тіге беру де мәдениетсіздік", "Сонда қартайғанда судың жағасында купальник кимейміз бе?", "Коментарийлерді оқысаң суға түскің келмей қалады екен", деп жазды оқырмандар.  


Соңғы жаңалықтар