Жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Елімізде жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Коммунистер партиясы осындай бастама көтеріп отыр. Егер құжат қабылданған жағдайда, адамдарды алалауға жол берілмеуі тиіс.

  • 28 Мамыр 2014
  • 181
Фото - Caravan.kz


Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

— 50-ден асқандар жұмысты істей алмайды. Қабілеті жоқ деген қисық түсінік бар. Соны біз өзгертуіміз керек. 

Себебі жеке компаниялардың еркінсігені соншалық, өздері би өздері  қожа. Қит етсе, түрлі сылтау тауып зейнет жасына жақындап қалғандарды жұмыстан шығаруға дағдыланып алған. Сөйтіп қаншама адам далада қалып жатыр. Оның үстіне елуден асқандарды қызметке алмау әлі тыйылмай тұр. Коммунистер жарнамасы жер жарған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын да қатал сынға алды. Өйткені бюджеттің миллардтары бөлініп жатқанымен, басқа мамандықты игеріп шыққандар жұмысқа тұра алмай зар илеп жүр.