Жасырған мүлікті заңдастыру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасырған мүлікті заңдастыру басталды

Жасырған мүлікті заңдастыру басталды

Бүгін елімізде мал-мүлікті заңдастыру басталды. Мемлекеттен жасырған байлықты  жаппай жариялау науқаны келесі жылдың соңына дейін жалғасады. Яғни, осы аралықта байлар шетелдегі жылжымайтын мүлкін, жер телімдері мен оффшорлық шоттарын өз атына ресми тіркей алады.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz

Мүлік иесі меншігіндегі дүниені жариялағаны үшін  еш жазаланбайды.  Яғни, осы уақытқа дейін мемлекетке бір тиын салық төлемей, заңсыз табыс тауып келгені де кешіріледі. Бірақ, бай-бағландар капиталдың шынында да өз еңбегімен тапқан, жеке дүниесі екенін дәлелдеп беруі тиіс. Үкімет осы науқан арқылы бюджет бүйірін толтырамыз деп алақандарын ысқылап отыр.



 Өйткені, бір жарым жылдың ішінде 12 миллиард долларды заңдастыруды жоспарланған. Жалпы, Қазақстанда  мүлікті заңдастыру осымен үшінші рет өтуде.  Мысалы, 2001 жылы  жұрттың жасырып-тыққан 480 миллион доллары, ал 2007 жылы 7 миллиард доллар анықталған еді.