Жарияланды: 60

Жаһандық пандемияға байланысты барлық жұмыс қашықтықтан жүріп жатыр

Жаһандық пандемияға байланысты барлық жұмыс қашықтықтан жүріп жатыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факултеті, биофизика және биомедицина кафедрасының ұйымдастыруымен, «Біз-салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты онлайн іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты - өзіңді жаман індеттен сақтау.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Осыған орай, «Өзіңді Covid-19-дан сақта» атты ДДСҰ ұсынған 10 кеңес:

1. Қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе спирт негізіндегі дезинфексиялаушы құралдармен тазалаңыз.

2. Ас орны мен жұмыс орнын үнемі дезинфекциялау қажет.

3. Аурудың белгілерін біл. Көбінесе ауру тұмаумен емес, қалтырау және құрғақ жөтелмен басталады. Көбінде аурудың жеңіл түрі жүреді, ол арнайы емді қажет етпейді.

4. Егер сіздің қызуыңыз көтеріліп және жөтел мазаласа саяхаттаудан бас тартыңыз. Егер сіз ұшу барысында ауырып қалсаңыз, дереу экипаж мүшесіне ескертіңіз. Жерге қонғаннан кейін бірден медицина қызметкерінен кеңес алып, кіммен және қайда болғаныңызды айтыңыз.

5. Жөтеліп немесе түшкіргенде қолыңызды немесе сулық қолдану керек. Сулықты бірден жабық қоқыс шелегіне салып, қолыңызды тазалаңыз.

6. Егер, сіздің жасыңыз 60-тан асқан болса, сізді жүрек-қантамыр аурулары, өкпе аурулары немесе сусамыр мазаласа, сіздің ауруды жұқтыру қаупіңіз жоғары. Бұл адамдар көпшілік жүретін жерлерден және адамдардан ауру жұқтырып алмау үшін қорғанудың арнайы шараларын қолдануы керек.

7. Егер, сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, жұмысқа немесе мектепке бармаңыз.  Өз дәрігеріңізге немесе тұрғылықты дәрігерге хабарласыңыз.

8. Егер сіз үйде ауырып жатсаңыз, бөлек тамақтанып, бөлек ұйықтауыңыз керек.

9. Егер, сізде демікпе пайда болса, бірден дәрігерге хабарласып, медициналық көмекке жүгініңіз.

10. Егер, сіз короновирус әсерінде жүрсеңіз, бұл түсінікті, әрі қалыпты сезім. Жұмыста, мектепте немесе мәдениет жерлерінде өзіңді қалай қауіпсіз сезіну қажеттігін талқылау қажет.

Мен өзімде COVID-19 белгілері бар деп ойласам, не істеуім қажет?

Маланидің айтуынша, егер сізде қызу және өкпе ауруларының белгілері болса, өз дәрігеріңізге хабарласыңыз. Ол сізге келесі қадамды түсіндіріп береді. Тұрғылықты денсаулық сақтау ұйымдары дәрігерлердің көмегімен коронавирусқа бақылау қажеттілігі бар ма екендігін анықтайды.

Қытайдағы анықталған 44000 жағдайларға сәйкес, шамамен COVID-19 жағдайының 80% жеңіл түрде өтеді (SN:25.02.2020).

Алайда, вирус жұқтырған адамдардың 2% өлтіреді. Әсіресе, егде жастағы және сусамыр, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын адамдар.

Ауырып қалған адамдар мектепке жұмысқа бармай, үйде болуы керек. Жөтеліп, түшкіргенде сулықпен жауып, қолды жиі жуып тұру керек. Егер, су мен сабын қол жетімсіз болса, спирттік немесе сулы негіздегі зарарсыздандырушы құралдармен қолдану керек. Бұл әрекетті әдетке қазірден айналдыру жөн.

Мен өзімді қалай дайындаймын?

Жеке гигиена ережелерін сақтау – өзіңді сақтаудың ең басты жолы. ДДСҰ қолды жиі жууға және жөтелгенде сулық қолдануға кеңес береді. Ауырып қалдым деп ойласаңыз саяхаттан бас тартып үйде отырыңыз. Және де CDC кеңесі бойынша сіз немесе отбасыңыз үйде немесе жұмыста қалған жағдайда жоспар болуы қажет.

Қолға арналған дезинфекциялаушы құрал көмектесе ала ма?

Әрине, қолды сабынмен жуу тиімдірек. Алайда, дезинфекциялаушы құралдар да болады.

Коронавирус – бұл шырышты қабығы бар вирус. Бұл дегеніміз - вирус бөлігі инфекцияланған клеткадан ажырағанда, ол клетка мембранасының бір бөлігін алады. Бұл мембрана вирусты қорғау қабығын тудырады. Ал, құрамында алкоголь бар дезинфекциялаушы құрал бұл қорғанды жойып, вирусты өлтіре алады.

Неліктен қорғану үшін бетперде тағу ұсынылмайды?

Хирургиялық бетперде микробтарды болдырмау үшін емес, ұстап тұруға арналған.

Егер, науқас хирургиялық бетперде тақса, мата тыныс тамшыларын ұстап тұрады. Бұл басқа адамдар ұстайтын жерлерге вирус бөлшектерінің түспеуінің алдын алады. Бетперде түрлері сау адамдарды қоршаған ортадағы вирустардан сақтауға көмектеспейді. Хирургиялық бетперде адам бетінде мінсіз тұрмайды, екі жағынан ашық тұрады. Көптеген адамдар бетпердені дұрыс тақпайды. Мысалы, мұрнын ашып, тек аузын жабады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы - Гүлшат Қапалқызы Атанбаева мен оқытушы - Мадина Молсадыққызы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін