Жазда сойқан салған ақтөбелік лаңкестер қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазда сойқан салған ақтөбелік лаңкестер қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін

Жазда сойқан салған ақтөбелік лаңкестер қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға қатысушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соттың ақпаратына сәйкес, сөз жарысы барысында мемлекеттік айыптаушы террористік акт жасады деп айыпталған 9–дың жетеуін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, оларға қалған өмірін ерекше тәртіптегі колонияда өткізетіндей жаза кесуді сұраған.

  • 18 Қараша 2016
  • 749
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Одан бөлек, сотталушылар Жұбанов (террористік актіге қатысушы) пен Абдрахмановты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, Жұбановты мүлкін тәркілеумен, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге 25 жылға, Абдрахмановты – мүлкін тәркілеумен, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге 22 жылға соттауды сұрады. 

Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 434-бабы бойынша қылмыс туралы жеткізбеу деген айып тағылған 18 сотталушыны кінәлі деп танып, олардың 13-іне алты жылдан бас бостандығынан айыру, төртеуіне – төрт жылға бас бостандығынан айыру, біреуін – бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қылмысты жасырды деп айыпталған Ердәулетовті, мемлекеттік айыптаушы, кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сол сияқты айып тағылған Өтеповке төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау ұсынылды. 

Сотталушылар әрекеттері үшін өкініп, мемлекеттік айыптау сұрағаннан жеңілдеу жаза тағайындауды сұрады.  2016 жылғы 21 қарашада сотталушылардың соңғы сөздері тыңдалады.  Сот отырысы басталғалы бері, 24 қазан мен 3 қараша аралығында 65 жәбірленуші мен 41 куәгерден жауап алынды. 31 қазаннан бастап сот сотталушылардан жауап ала бастады. Бүгінгі таңда 29 сотталушының 13-інен жауап алынды. Олардың 9-ы бірқатар қылмыс жасады деп айыпталып жатыр, сол айыптардың ішінде теракт ұйымдастыру да бар. Ал төртеуі қылмыс туралы хабарламады деп айыпталуда. 
 

Соңғы жаңалықтар