Жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы.

  • 30 Мамыр 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz

Республиканың көптеген облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанда жиі жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа-райы сақталады. Мұндай ауа-райы тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауасымен байланысты.

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады.  Ауа температурасы нормадан  1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарында түнде кей жерлерде үсік күтіледі деп болжанады.