Жазира Байырбекова: "Алматыға келген сайын анама алтын жүзік, киім-кешек алып беремін" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазира Байырбекова: "Алматыға келген сайын анама алтын жүзік,  киім-кешек алып беремін"

Жазира Байырбекова: "Алматыға келген сайын анама алтын жүзік, киім-кешек алып беремін"

Жазира Байырбекова өз анасына келген сайын қолына алтын жүзік, киім-кешек алып беретінін айтып желідегі оқырмандарына жазба қалдырды.

  • 21 Қыркүйек 2020
  • 6546
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Анам Алматыға келген сайын қолына алтын жүзік,киім кешек алып беремін. Келесі келгенде әперген киімі де алтыны да жоқ болып келеді. Тағы алып беремін, тағы жоқ. Қонаққа барғанда кей аналардың қолы алтын, бриллиантқа толып тұрса, менің анамның саусақтары бос болып қала береді. Мен мамама ешқашан "өткенде әпергендерім қайда, неге таратып жібердіңіз" деп айтқан емеспін. Өйткені кей адамдар айналасына үнемі сыйлық жасап,қуантып жүргенді жақсы көреді. Адамның қуанғанын көріп өмірден ләззат алады. Менің анам дәл солай.Кейде біреуге сыйлайтын бірдемесі бар ма екен деп сыйлайтынын біле тұра беремін. Бұл әңгімені әркім ниетіне қарай түсінер… Ата-ананы қуантуға жұмсалған дүние ысырапқа жатпайды,ия?! Аналар мұңаймасын. Бастысы денсаулық жақсы болсын!"  — деп жазба қалдырды.

Желідегі оқырмандар:" қандай тамаша", "енеңізге де осылай алып бересіз бе?!","осындай перзенттер көп болсын","Жазира ханым ой саларлық жазба екен","Сіздей қыздарымыз көп болсын","анаңыз жүз жасасын"- деген пікірлер қалдырды.


Соңғы жаңалықтар