Жедел және шынайы ақпарат таратқан журналистер қауымына алғыс айтамын – Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жедел және шынайы ақпарат таратқан журналистер қауымына алғыс айтамын – Тоқаев

Жедел және шынайы ақпарат таратқан журналистер қауымына алғыс айтамын – Тоқаев

Бүгін Президент өз мәлімдемесінде халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген қызметкерлерге, соның ішінде БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.  

  • 27 Сәуiр 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. 

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын, — деді Президент. 


Президент мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар болғанын, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқарып жатқандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар