Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, бұрқасын болады

Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, бұрқасын болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

  • 4 Ақпан 2018
  • 250
Фото - Caravan.kz

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғып, жел 17-22 м/с күшейеді.


Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады.

Соңғы жаңалықтар