Жарияланды: 60

"Жел күшейеді": Бүгін ауа райы қандай болмақ?

"Жел күшейеді": Бүгін ауа райы қандай болмақ? Сурет - Baq.kz

Бүгін, яғни 28 қараша еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде аздаған қар жауады.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Тек Республиканың солтүстік, шығыс және батыс  аумақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар жауады тек батыста – жел күшейеді. Кей жерлерде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін