Желі қолданушылар Кәмшат Жолдыбаеваның толық шешініп, фотоға түсуін сұрады
![]() |
Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның кеудесін жартылай жалаңаштап түскен фотосуреті Instagram әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Әнші жуырда Дубай қаласында болып, фотосессия жасапты. |
«Жақында Дубайға барғанда керемет фотографпен жұмыс істеген едім. Өз суреттерімді көріп таң-тамаша қалдым», - деп жазды Кәмшат өзінің Instagram-парақшасына.
Алайда, оның осынау фотосуретін сынап жатқан желі қолданушыларының саны көп. Олар қазақ қызына бұлай ашы-шашық киінуге болмайтынын айтса, өзгелері Кәмшаттың дене бітіміне қызығып, оған толықтай жалаңаштанып фотоға түсуге кеңес берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін