Желі қолданушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желі қолданушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

Желі қолданушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

Әлеуметтік желі қолданушылары 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай суреттердің жиегін әсемдейтін аватар-безендіруді жаппай қолдануда.

  • 25 Мамыр 2017
  • 398
Фото - Caravan.kz

Оны елімізге танымал блогер Данияр Алан Facebook әлеуметтік желісінде жасап шығарған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.    

«Бүгінде осындай атаулы күнді жастарға әлеуметтік желіде насихаттау үшін аватар-безендіруді қолдандым. Оны 16 мамыр күні Фейсбуктегі бағдарламаның көмегімен іске қостым. Дәл қазір аватарды қолданушылар саны 4500 адамды құрап тұр», — деді Данияр Алан.

Айта кетейік, осыдан жиырма жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр ХХ ғасырдың басында талайды зар қақсатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраса, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген болатын.   


 

Соңғы жаңалықтар