Жарияланды: 30

Желіде карантинде жатқан Моңғолия президентінің суреті пайда болды

Желіде карантинде жатқан Моңғолия президентінің суреті пайда болды Сурет - centralasia.media

27 ақпанда Моңғолия президенті Халтмаагийна Баттулгу Қытайға бір күнге барып келгені үшін 14 күнге карантинге жатқызылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, президенттің қасында болған шенеуніктер де сараптама тапсырып, арнайы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылған.

Моңғолия президентімен бірге Қытайға сыртқы істер министрі, ҚХР-дағы Моңғолия елшісі, Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың басшысы, президент әкімшілігінің басшысы мен президенттің сыртқы саясат мәселелері бойынша кеңесшісі барған.

Қазіргі уақытта Моңғолияда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелген. Олардың барлығы басқа елдерден келген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін