Желіде тараған қанға боялған жартылай жалаңаш екі әйелдің суретіне қатысты тың мәлімет пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде тараған қанға боялған жартылай жалаңаш екі әйелдің суретіне қатысты тың мәлімет пайда болды

Желіде тараған қанға боялған жартылай жалаңаш екі әйелдің суретіне қатысты тың мәлімет пайда болды

Батыс Қазақстан облысының полицейлері екі әйелді аяусыз ұрып-соғу дерегіне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

  • 10 Наурыз 2022
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Хабарламаларда әйелдер жерасты өткелінде орналасқан дәмханада өлтірілген деп көрсетілген.

Басында полицейлер бұл фотоларды фейк деп мәлімдеді. Бірақ біраз уақыттан кейін фотоға байланысты түсініктеме берді.

"8 наурызда таңғы сағат бес шамасында белгісіз тұлға Абай даңғылындағы "Андеграунд" кафесінде бұзақылық ниетпен екі әйелге зақым келтірген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін жәбірленушілер қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шаралармен 2000 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Аталған факті СДТБТ-де тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 — бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар