Желіге сурет салу - әйел адамдар мен балалардың ауруға шалдығуының себепкері - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіге сурет салу - әйел адамдар мен балалардың ауруға шалдығуының себепкері

Желіге сурет салу - әйел адамдар мен балалардың ауруға шалдығуының себепкері

Желіге сурет салу әйел адамдар мен балаларда ауруға шалдығуының себепкері.

  • 5 Қараша 2018
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Әсіресе, нәрестені барынша жасыруға тырысыңыз!
Көз тиюдің алдын-алудың келесі бір жолы — адамдардың шектен тыс таңданысын тудыратын артықшылықтарды мүмкіндігінше жасыру. Мәселен, сұлулығымен көз тартар нәрестелерді көзінің сұғы бар адамдардан қорғаштаған абзал. Себебі, сахабалардың бірі Осман ибн Аффан бірде сүйкімді нәрестені көріп: «Мына балаға көз тиіп кетпеу үшін иегіндегі шұқырды бүркемелеңдер», — деген. (Бұхари, Муслим) 
Әсіресе, қазір кішкентай балалардың, қыздардың, әйел адамдардың әлеуметтік желіге сурет жариялауы қалыпты құбылысқа айналды. Бұл әрекеттер — елдің көзінен сақтану емес, керісінше өзгелердің көзіне түсуге ұмтылыс. Егер алдын-ала сақтанбаса, дұғамен, аяттармен қаруланбаса, бұл нәрсе әлгі адамдарға қандай да бір зиянын тигізуі, ауруға шалдығуына себепкер болып қалуы әбден мүмкін. Соңғы жылдары әйелдердің көкірек безі қатерлі ісік ауруларының, т.б көбеюі осының айғағы болса керек", деп жазды "Асыл арна" инстаграм желісіндегі парақшасында. 


Соңғы жаңалықтар