Жарияланды: 3800

Желіні шулатқан шашы қысқа қалыңдық. Ата-анасы ғалымдар, химиктер, өзі биші

Желіні шулатқан шашы қысқа қалыңдық. Ата-анасы ғалымдар, химиктер, өзі биші

MAKVIN лақапатымен танымал болған әнші Нұрболат Базарбаев үйленді. Ұзату тойында түсірілген видео Желіде қызу талқыланды, қолданушылар қалыңдықтың шаш үлгісіне таңғалған.

 MAKVIN Tengrinews.kz тілшісіне өз қалыңдығы жайлы айтып берді.

"Қалыңдығымның есімі Жания. Ол зиялы отбасыдан шыққан. Ата-анасы ғалымдар, химиктер. Өзі биші. Спорттық бал биінен спорт шебері. Халықаралық жүлделері көп. Көп жыл бойы Италияда, АҚШ-та тұрып, бимен кәсіби түрде айналысты. Ол спорттық бал биінен әлемнің вице-чемпионы", - деді әнші. 

Көпшілік қалыңдықтың шаш үлгісін талқылаған. Әншінің айтуынша, бұл олардың қалауы ғана екен. 

"Ол тойға 10 күн қалғанда шашын қысқартты. Біз бостан, шығармашылық адамымыз. Не болатынын білмедік", - дейді MAKVIN.

Сондай-ақ, ол видеоның қалай тарап кеткенін айтты. 

"Неден басталды. Біздің шараны досымыз Азат Әбікен жүргізген, ол ұзату тойында қалыңдық маған жүретін кезіде түссіз сурет жасаймыз деп ойластырды. 60-шы жылдардың суретін жасағымыз келді. Бұл кадр бір ғана сурет үшін жасалды. Соңында көп видео түсіріліп, "За тебя Баке" парақшасына жүктелді. Қалай жүктелегінен бейхабармыз. Бұл туралы келесі күні ғана білдік", - деді орындаушы. 

 
MAKVIN өз ата-анасы мен туыстарының қалыңдықтың шаш үлгісіне қандай баға бергенін айтты. 
"Оның ата-анасы қалыпты қабылдады. Ата-анасы жаңашыл, анасы көп уақыт Еуропада тұрған, әкесі жұмысы бойынша әлемге сапарлап жүреді. Яғни барлығын дұрыс түсінді. Ал мына Желіде жазып жатқандар тек шу шығарып жүр. Олар болмаса, мұндай шуға ұласпайтын еді. Менің ата-анам да бәрін жақсы қабылдады. Менің отбасымда бәрі музыканттар, режиссерлер. Ешқандай да дау-дамай болған жоқ. Менің туыстарым Шымкенттен, барлығы дәстүрді ұстанады. Беташарда болған әжем бұған тіпті қуанышты. Себебі мен оның соңғы немересімін", - деді Базарбаев. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін