Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біздің Елде жемқорлықпен күрессең, сол жемқорлардың «жемсауына» қызмет жасайтындар — өзіңе қарай шабады! Ақиқатты ашық айтқаның үшін жексұрын етіп, тіпті үстіңнен жалған жаламен іс ашып, сол ортадан аластатуға барлық амалын жасайды!
Осындай «ескі жүйенің» қитұрқылықтарының кесірінен біраз көзінде оты бар жастар қудаланып, сағы сынды!
Ал Әділетті Жаңа Қазақстанда БІЗ мұндайға жол бермеуіміз керек!
Мөлдір қайсар өте мықты қыз, оңайлықпен сына қоймайды!
Бірақ жемқорлыққа батқан жүйе Мөлдірді де сындырды!
Көрер жарығы бар екен, емделіп жүргенінде, өмір күрес, өзіңнің ақтығыңды — жұмысыңа қайта оралып, елге адал қызмет жасаумен ақтап аласың, деген едім! Алайда, Шымкент полиция департаменті басшылығынан алғашқы уақытта жасалған қысым, заңсыз қылмыстық, әкімшілік іс ашып қудалау — әлі де жалғасуда! Сол үшін бұлардың іс әрекеттерін Елдің алдында ашық талқылау керек!
Ел көрсін, білсін!
Міне, полицияның заңсыз іс әрекеттері мынадай:
⛔️Ең бірінші, Мөлдір — Қаратау ауданының тұрғыны, қоштасу хаты түнгі уақытта өз үйінде жазылған! Яғни оқиға орны Қаратау аумағында болған , ал оған Әл-Фараби аудандық полициясы қарап, әкімшілік хаттама толтыра алмайды! Бұл — бірінші заң бұзушылық!
⛔️05.04.2022 жылы өз үйінде болған жәйтті — учаскелік полицей толтырған хаттамасында «Шымкент полиция департаментінің ғимарында 4.11. 2022 жылы орын алған» деп көрсеткен. Бұл — екінші заң бұзушылық!
⛔️Сәуір айында жазылған фейсбуктегі жазбаға — “қоштасу хат” мәтініне Қаракөзова ханым 15 қыркүйекте арыз түсірген. Түсірілген арыз, ӘҚБтК 62 бабына сәйкес, екі ай мерзімі өткеніне байланысты қарауға жатпайды! Бұл — үшінші заң бұзушылық!
⛔️Мерзімі өтіп, тіпті қарауға жатпайтын жайтқа учаскілік полицей 30 қыркүйек күні сараптама тағайындауға қаулы шығарады!
Бұл — төртінші заңбұзушылық!
⛔️31 қазан күні дайын болған сараптама қорытындысы
Мөлдірдің жазбасындағы екі сөйлемге «шындыққа сәкес келмесе ғана ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіру болып табылады» деп тұжырымдаған.
Алайда, Қаракөзова ханым әлеуметтік желідегі яғни фейсбук, инста парақшаларында өзін ресми өкіл ретінде жариялап жазғанына — бәріміз куәміз. Бұл сөз — қалайша оның ар-намысына тиіп қалды, егер өзі жариялап отырса?!
Екіншісі, ҚР ҚПК 201 бабын өрескел бұзып, Прокуратураның рұқсатынсыз қылмыстық материалдары үстін-үстіне жарияланғаны жайлы жазғаны да — шындыққа сәйкес келмесе ғана, ар-намысына тию болып табылады деп көрсеткен сарапшы.
Бірақ Қаракөзова ханымға Шымкент қаласының прокуратурасы бір емес, бірнеше ескерту хат жолдағаны туралы іс-құжаттарды бүгін көріп, таныстым!
Яғни Мөлдірдің жазбасында ешқандай ар-намысына тию сөздері жоқ, бәрі дәлелдермен!
Енді Мөлдірге қарсы жасалып жатқан қастандық іс-әрекеттерді, заңсыздықтарды осылай ашық зерделеп көрсете беремін!
Толтырылған әкімшілік хаттамада 15-тен аса заң бұзушылық бар! Бұл — жәй бастамасы ғана, оның бәріне жеке-жеке әлі арнайы тоқталамын!
Ертең де талқылайтын тақырып болсын!
Сіздер қандай заңбұзушылықтар көріп отырсыздар мына суреттен?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК бері келіңіздер!
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті заңбұзушылықтарын бірге талқылайық!", — деп жазды Айгүл Орынбек.