Жемқорлығы үшін сотталған Ерлан Біләлға шапан жауып, ұлы Абайдың рөлін сомдауға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлығы үшін сотталған Ерлан Біләлға шапан жауып, ұлы Абайдың рөлін сомдауға рұқсат берді

Жемқорлығы үшін сотталған Ерлан Біләлға шапан жауып, ұлы Абайдың рөлін сомдауға рұқсат берді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләлға Абайдың рөлін ойнауға рұқсат берген.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 31479
Фото - Caravan.kz

Бір жыл бұрын орын алған даулы оқиға жайлы Время басылымы жазды.

Аталған театр сахнасында 20 жылдан астам балаларға жаңа жылдық қойылым қойып келген «Сезам» театрының директоры Қайрат Баяновтың айтуынша, бұрынғы басшылар Тұнғышбай Жаманқұлов, Есмұхан Обаев және Еркін Жуасбектің тұсында мұндай жағдай болған емес.

«Театрдың жаңа басшы болып 20 жылдан бері танитын Ерлан Біләл болды. Ол бізде де актер болып жұмыс істеген. Бірақ театрды басқарған сәттен өзгеріп сала берді. Басқаша сөйлейтін болды. Бірнеше мәрте көмек сұрады, тіпті тұспалдаған жоқ, мәселелерімді шешу керектігім жайлы ашық айтты» ,- деді Қайрат Баянов.

Қайрат мырза бұл мәселені ақсақалдар арқылы, сыйлы адамдарды араға салу арқылы шешуге тырысқан. Тіпті Астана арқылы да реттеуге талпыныпты.

«Ақырында Біләл маған; не ақша әкелесің немесе балалар театрға кірмейді деді. Ешкім көмектесе алмағандықтан коррупцияға қарсы қызметке жүгінуге тура келді.Олар маған ақыл-кеңес беріп, мен арадағы әңгімені жазып алдым. Сосын қажетті соманы алып бардым. Ерланды ұстады…» деп жалғастырады Қайра Баянов.

Дегенмен мәселе мұнымен аяқталмапты. Тергеу барысында оған әр түрлі адамдар қоңырау шалып, қысым жасай бастаған. Арызыңды қайтап ал деп көндіруге тырысқан.


Нәтижесінде Әуезов театрының директоры пара алуға оқталды деп айыпталып, 52 млн теңге айыппұл салынды.

Үкім оқылған соң бәрі орнына келеді деген Баянов қателесіпті. Театрдың жаңа директоры болып Асхат Маемиров тағайындалды

«Бірақ Маемиров барлық өнер қайраткерлерін жинап Біләлді қорғауға көшті. Тіпті оны соттаған кезде экс-директордың үстіне шапан жауып, салтанатты шара өткізді. Бұған қоса Абайдың рөлін сомдауға рұқсат берді. Коррупция үшін, парақорлығы үшін айыпты деп танылған адамға қазақтың ұлы өкілінің рөлін сомдауға рұқсат беру дегенді елестете аласыз ба», — деді Қайрат Баянов.

Қазір Қайрат мырза балаларға арналған жаңа жылдық қойылымын Алматыдағы сауда орындарының бірінде қоятын болған. Себебі Әуезов тетры басшылары жалға алу мерзімін ұзартпай қойыпты.

Соңғы жаңалықтар