«Жеңгелер қыздарды тексеретін»: Әмина қажы күйеуге шыққанша жігітімен жыныстық қатынасқа баратындарды сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жеңгелер қыздарды тексеретін»: Әмина қажы күйеуге шыққанша жігітімен жыныстық қатынасқа баратындарды сынға алды

«Жеңгелер қыздарды тексеретін»: Әмина қажы күйеуге шыққанша жігітімен жыныстық қатынасқа баратындарды сынға алды

Жетім балаларды қанатының астына алып, ата-анасы қараусыз қалған сәбилерге арнап үй ашқан Әмина қажы Әжібаева «Сұрауы бар» жобасына сұхбат берді.

  • 7 Наурыз 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz


Ол қазіргі таңдағы қыз тәрбиесіне тоқталып, жастардың үйленбей жатып, жыныстық қатынасқа түсетініне ашуланған, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Kznews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бізде таңдау деген жоқ. Танысып алады да, бес күн өтпей үйленеді. Екі-үш ай өтпей, ажыраса салады. Мұның бәрі жеңілтектіктің белгісі. Қыздар болашақ күйеуін толық білмей, мінезі қандай екенін көз жеткізбей, тұмысқа шыға салады. Кейін жігіттің түрлі мінезін көріп, ажырасып кетеді. Іштегі баламен кетеді, оны іздейтін әке жоқ. Қылығы жаман қызды шешесі де жолатпайды. Егер қыз тойы болмай жатып, жақындауға рұқсат бермесе, оны ешкім зорлап кетпейді. Қыздардың өзінен де бар. Төсек қатынасына барады, іште бала… Оны жігіт үйіне әкелгісі келмейді. Аяғы ауыр қызды «мен» деген жігіт үйіне апара алмайды. Соған жеткізбеу керек. Әр нәрсенің өз жолы бар емес пе? Кезінде той болған кезде, біз жеңге болып барып, қызды тексеретінбіз. Қандай керемет?! Ұмытылды, жоқ қазір, жоқ, жоқ. Тойдың алдында бәрін жасап тастаса, қайдан болады? «Қызым екіқабат болып қалды, алмай жатыр», — деп маған келетіндер көп. Ол тексерілетін ар-намыстың белгісі. Бұл өмір бойы бетіңде тұратын печатің. Тыр жалаңаш боп кеп жатса, қай жерін тексереді? Жақсы әдет-ғұрыптарымыз кетіп қалды», — деді Әмина қажы Әжібаева.

Соңғы жаңалықтар